Аида Балаева Мұхтар Әуезов атындағы театр ұжымын мерейтойымен құттықтады

Аида Балаева Мұхтар Әуезов театрын құттықтады, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2026 09:03 Сурет: auezov-theatre.kz
13 қаңтарда Қазақстан Республикасының премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының 100 жылдық мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, еліміздегі алғашқы кәсіби қазақ театры 1926 жылы "Еңлік – Кебек" спектаклінен бастау алған. Содан бері театр қазақ руханиятының алтын бесігіне айналды. Осы сахнада ұлттық драматургияның классикасына айналған туындылар дүниеге келіп, театр дәстүрлері қалыптасты әрі нығайды. Олардың қатарында:

  • "Абай",
  • "Қобыланды",
  • "Қарагөз",
  • "Айман – Шолпан" бар.

Театр ұзақ әрі мазмұнды жолдан өтті: Алматыға көшіп, 1937 жылы академиялық мәртебе алды, мемлекеттік наградалармен марапатталды, Мұхтар Әуезовтің есімі берілді, ал 2020 жылы "Ұлттық" мәртебесіне ие болды.

"Ең басты байлық – бұл бірнеше буын көрнекті актерлер мен режиссерлер қалыптастырған ұжым мен мектеп. Бүгінгі театр ұжымы да дәстүрді сақтай отырып, көрерменмен заманауи тілде тіл табыса біледі. Сіздерге шабыт, шығармашылық табыс және әрдайым лық толы зал тілеймін", – деді Аида Балаева.

Айта кетейік, 2025 жылы Қазақстанда театрларға бару құны рекордтық деңгейде өсті. Желтоқсан айының қорытындысы бойынша билет бағасы жылдық есеппен орта есепте 43,3 пайызға қымбаттаған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: