Қазақстандық арудың Димашпен Алматы-Астана бағытындағы рейсте түскен суреті желіде танымалдылыққа ие болды

Қазақстандық арудың Димашпен Алматы-Астана бағытындағы рейсте түскен суреті желіде танымалдылыққа ие болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 10:00 Сурет: Instagram/kudaibergenov.dimash
Қазақстандық ару өзінің Instagram парақшасында әлемдік жұлдызбен түскен суретін жариялады. Ол танымал әнші Димаш Құдайбергенмен ұшақта бірге жолаушы болғанын жазып, бұл сәтті "сиқырлы ұшу" деп атады, толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

Айгүл Темірқұлованың жазуынша, рейс ел ішінде Алматы-Астана бағытында орындалған.

"Қандай ерекше сиқырлы ұшу болды десеңізші. Ұшақта қасымда Димаш Құдайберген отырды 😍 Ол ешқандай күзетсіз, ешқандай ілесіп жүрген адамдарсыз, көзілдірік пен маска киіп, ұшу аяқталған соң жүгіріп кете барды. Аңыз адам, бірақ сондай қарапайым, понтсыз. Онымен қатар отырғанда өзімді бақытты сезіндім, осындай селфи де жасадық) Ғалам, рақмет!",- деп жазды ол.

Жазба әншінің әлемдік жанкүйерлерінің арасында ерекеше танымалдылыққа ие болды. Ғаламшардың түкпір-түкпірінен ашылған фан-парақшалар суреттерді желіде бөлісіп, Айгүлді де әлемге танытты.

  • Шыны керек, қызғанып отырғаным бар енді... сіз қандай бақытты адамсыз!
  • Керемет, бұл сіздің сәтті жұлдызыңыз!
  • Димашпен бірге сапарлас болу қандай бақыт десеңізші!)
  • Ғажап... маған да мұндай сәт бұйырар ма екен.
  • Бұл күн сіздікі болғаны анық!
  • Димаштың қарапайымдылығы сондай тартымды...мұндай әрекетке ешқандай әлемді жұлдыз бармас еді)
  • Сіздің жұлдызыңыз оңынан туған екен)

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің елімізде өткен Silk Way Star ән байқауын қорытындылағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: