Қазақ ұлттық хореография академиясы TÜRKÜNİB құрамына енді

Қазақ ұлттық хореография академиясы TÜRKÜNİB құрамына енді, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2025 16:11 Сурет: balletacademy
Қазақ ұлттық хореография академиясы Түркі мемлекеттері ұйымының қолдауымен жұмыс істейтін Түркі мемлекеттері университеттері одағына (TÜRKÜNİB) мүше болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 16 желтоқсанда ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәлімдеді.

Академияның халықаралық бірлестікке қосылуы академиялық ұтқырлықты дамытуға, білім беру және ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге, сондай-ақ түркі әлемі жоғары оқу орындары арасындағы мәдени байланыстарды нығайтуға бағытталған.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері кеңесінің саммитінде ортақ білім беру кеңістігін қалыптастырудың және түркі елдерінің студенттері мен оқытушылары арасындағы академиялық алмасуларды қолдаудың маңызын атап өткен болатын.

TÜRKÜNİB құрамына Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Венгрияның 170-тен астам жоғары оқу орны кіреді. Одаққа Қазақстан тарапынан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л. Н. Гумилёв атындағы Еуразия ұлттық университеті және басқа да жоғары оқу орындары мүше.

Бұған дейін қазақстандық ансамбльдің Малайзиядағы халықаралық фестивальде өнер көрсеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: