Димаштың мексикалық жанкүйерінің өтініші орындалды

Димаш, Дайдидау, домбыра, мексикалық жанкүйер, өтініш, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2025 17:15 Сурет: видеодан алынды/24kz
Қазақтың қара домбырасы сәлемдеме ретінде Қостанайдан Мексикаға жіберілді. Димаштың жанкүйері Матис деген өнерпаз домбыра тартып үйренгісі келетінін айтып, үшбу хат жазыпты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша Рудный қаласындағы "Алтын домбыра" орталығы сазды аспаптың бірін Мексикаға жолдады. Бұл оқиға әлемге танымал әнші Димаш Құдайбергеннің туған күніне орай,  "Дайдидау" атты кітаптың жарық көруінен басталды. Авторы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын – Абылай Маудан. Бір әннің тарихы арқау болған туынды төрт тілде жазылған. Автор кітапқа әсіресе, шетелдіктердің қызығушылығы басым екенін айтады, деп жазады 24kz. 

"Димаштың әні барған жерге әдебиетіміз де барсын деген оймен, осы кітапты шығардым. Сосын желілерге сала бастағаннан кейін маған әрбір елден маған хаттар көп келе бастады. 200-300 адам маған хат жазған шығар. Алайда оның ішінде тура хат жазған осы Мексикадағы Магда деген кісі. Сол кісі келіп айтты да, менің балам қазақ мәдениетін тереңдеп меңгеру үшін домбыра үйренгісі келеді деп. Содан кейін осындай домбыра салып жіберуді ұйғардым".Абылай Маудан, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі

Абылайдың ұсынысына Рудныйдағы "Алтын домбыра" орталығы қолдау білдірген. Олар Матиске лайықты, ыңғайлы деген аспапты таңдап, сәлемдеме арқылы Мексикаға жолдады. Ағылшын тіліне аударылған бейне сабағы да жіберілді. Пошта қызметкерлерінің айтуынша, мұхиттың ар жағындағы Мексикаға сәлемдеме екі аптаның ішінде жетіп, Матистің қолына тиеді.

Бұған дейін қазақ киносының "Қожасы" – Нұрлан Сегізбаевтың өмірден өткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: