Әлішер Кәрімов пластикалық және косметологиялық шараларға көзқарасын айтып берді
Сурет: Instagram/alisher_k
Танымал қазақстандық әнші Әлішер Кәрімов пластикалық және косметологиялық шараларға бейжай қарамайтынын ашық айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өнер иесінің айтуынша, ол көз айналасына кішігірім ота жасатқан, бұдан бөлек арнайы екпе де алып тұратындығын жасырмады. Қысқаша айтқанда, әнші косметологқа тұрақты түрде барып тұрады. "Kezdesu" бағдарламасына берген сұхбатында Кәрімов мұны оғаш немесе ұят нәрсе деп санамайтынын атап өтті.
"Мен көзге қатысты процедуралар жасаттым. Кейде арнайы екпе де салдырамын, косметологқа барамын. Менің ойымша, бұл – қалыпты жағдай, өйткені мен сахна адамымын. Сахнаға шыққанда көрермен сені жылдар өтсе де жас күйінде көргісі келеді", – деді әнші.
Сондай-ақ ол сахна сырт келбетке ерекше талап қоятынын айтты.
"Сыртқы келбетке күтім жасау – бұл мамандықтың бір бөлігі, әсіресе үнемі назарда жүретіндер үшін", – деп есептейді Әлішер Кәрімов.
Бұл сұхбат әлеуметтік желілерде қызу талқыланды. Қолданушылардың пікірі екіге жарылғанымен, көпшілігі өнерпаздың ашықтығын қолдап, шоу-бизнесте косметологиялық процедуралар туралы ашық айту маңызды екенін атап өтті.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript