Купальник дефилесі болмайды: Рамазан айына байланысты Қазан қаласындағы сұлулық байқауына өзгерістер енгізілді

Купальник дефилесі болмайды: Рамазан айына байланысты Қазан қаласындағы сұлулық байқауына өзгерістер енгізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.02.2026 11:53 Сурет: Telegram/MISS BRICS 2026
Татарстан астанасында өтетін "Miss BRICS" сұлулық байқауы Рамазан айының кіруіне байланысты шомылу киімдерінің дефилесінсіз өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 18 ақпанда өткен баспасөз мәслихатында байқау президенті Динара Саляхова мәлімдеді.

"Бізде ораза айы басталады, сондықтан бағдарламада купальник қарастырылмаған. Қонақтар келетіндіктен, олардың барлығына қыздар спорттық киіммен шығатынын алдын ала ескерттік", – деді ол.

Өз кезегінде Татарстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары Лейла Фазлеева купальниксіз формат бастапқыдан-ақ жоспарланғанын айтты.

Байқау 1–8 наурыз аралығында өтеді. Оған БРИКС елдерінен 19 мемлекеттің өкілдері қатысады. Атап айтқанда, Бразилия, Үндістан, Қытай, Қазақстан, Таиланд, Египет, Оңтүстік Африка Республикасы, Нигерия, Вьетнам, Малайзия және басқа елдер бар.

Қатысушылар үш жас санатына бөлінеді:

  1. Miss BRICS – 18 бен 25 жас аралығындағы арулар;
  2. Mrs BRICS – 30 жастан асқан, тұрмыстағы әйелдер;
  3. Little Miss BRICS – балалар.

Қазақстан атынан әзірге екі қатысушы белгілі. Оның бірі – 35 жастағы блогер, кәсіпкер, екі баланың анасы Ольга Мигунова.

Сурет: Telegram/MISS BRICS 2026

Екінші қатысушы – Арина Каторгина. Балақай тай боксымен айналысады.

Сурет: Telegram/MISS BRICS 2026

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: