Алтынай Жорабаева отбасындағы тосын жаңалықпен бөлісті

Алтынай Жорабаева отбасындағы тосын жаңалықпен бөлісті, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2026 11:28 Сурет: Instagram/altynaizhorabayeva
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, эстрада әншісі Алтынай Жорабаева екінші қызы жақында тұрмыс құратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әншінің айтуынша, қызы қазір 22 жаста, жуырда сүйіктісі оған тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.

"Жігіті ұсыныс жасады. Болашақ құдалар алдымыздан өтуді жоспарлап отыр. Алла қаласа, күтеміз. Жастардың жұбын тауып, бақытты болғаны бәріміздің тілегіміз",- деді әнші.

Алтынай Жорабаева үлкен қызы мен екіншісінің арасы екі жас екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол дәстүр бойынша кіші қыздың тұрмысқа шығар алдында үлкен әпкесінен рұқсат (батасын) алғанын айтты.

"Шынымды айтсам, бұл жаңалықты естігенде жылап жібердім. Үлкен қыздарымның арасы небәрі екі жас. Оларға әрдайым 27 жасқа жүріп, білім алып, мансап құрып, аяққа нық тұру керек деп айтатынмын. Алайда, тағдырдың жазғаны, бұйрық солай болып тұр",- деп түйіндеді Жорабаева.

Еске салсақ, әнші Жорабаева 2024 жылы 45 жасында бесінші қызын дүниеге алып келген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: