"Әкелерін кешкен ғой": Баян Алагөзованың жұбайы барлық балаларының басын қосты
Сурет: Instagram/tursen_alaguzov
Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың жұбайы, кәсіпкер Тұрсын Алагөзов желідегі парақшасында төрт бірдей баласымен видео жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Желіге жүктеген бейнеден оның Баян Алагөзовамен некедегі қыздары – Алиса мен Алманы, сондай-ақ алғашқы некесіндегі балалары – Амина мен Арсенді көруге болады.
Өз кезегінде, Алагөзовтың оқырмандары отбасылық қауышуға шын қуанып, ақ тілектерін пікірге қалдырды:
- Жарайсыңдар, бауырлардың қауышқаны, танысқаны дұрыс болды!
- Өмір қысқа, ешкімге өкпе-реніш білдірмейікші, балаларыңның сені түсініп, кешіргеніне ризамын!
- Тұрсын, мына әрекетіңмен нағыз ер азамат екеніңді дәлелдедің! Балаларыңның басын біріктірдің! Жарайсың)
- Көріп, көзайым болып шын қуанып отырмын!
- Балаларыңның төртеуі де өзіңе тартқан! Бақытты болыңдар!
- Әкелерін кешкен ғой, алғашқылары жас та болса бас болып, ақылды екен)
Бұған дейін ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжановтың эксперимент жасап жатқанын жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript