ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов эксперимент жасап жатқанын айтты

Нұрғали Нүсіпжанов, ҚР Халық әртісі, әнші, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.03.2026 19:53 Сурет: видеодан алынды
ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов әлеуметтік желіде жазба жариялап, денсаулығына қатысты өз базынасын жеткізді. Сөйткен әнші сары-уайымға салынбас үшін жаңа бір экспериментті сынап көруді жөн көріпті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол гастролдік сапардан босай қалса, кітапхана жағалайтын қазақ екенін, ал бұл күнде уақытының басым бөлігін аурухана ұрлап жатқанын да жеткізеді.


"Өткен өмір ізсіз емес, қайткенде де сызы қалады екен… Ем-дом қабылдау өмірімнің ажырамас бір бөлігі іспетті… Оңашада адам шеті жоқ шексіз ойға беріледі…Соның тұңғиық тереңіне батпау үшін әлеуметтік желіні парақтайсың…Қысқа-нұсқа сұқбаттар шығыпты. Жадырадан сұрасам "Подкаст" жанры дейді. Онда эксперимент жасайық, деп қолқа салдым Сөкпессіздер, бұл біздің дебютіміз. Аяқ астынан асығыс жазылды…Ұнатып жатсаңыздар, Жәкеңнің мойнына сіз болып-біз болып тағы бір жүк арқалатамыз", делінген Нұрғали Нүсіпжановтың әлеуметтік желідегі жазбасында.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: