Жаңалықтар тізбегі
0

Армандар орындалады: "Халық әртісі" атанған Димаш Құдайберген бала кездегі видеосын бөлісті

Димаш Құдайберген, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.10.2023 22:34 Сурет: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Әнші Димаш Құдайберген "Халық әртісі" атағы туралы айтты. Ол бұл туралы Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Димаш Құдайберген бала кезде өзін "Халық әртісі" деп таныстырған видеоны бөлісіп, жаңа атағы туралы айтты.

"Ардақты Алаш жұрты! Барлық құттықтау-тілектеріңізге көп рақмет! Кезінде Қонаев Дінмұхаммед Ахметұлы "Мен қанша биікке көтерілсем де, халқымнан биік емеспін" деп халқымызды қаншалықты құрметтейтінін көрсеткен еді. Мен де "Ел-жұртымның ақ пейілінен, ыстық ықыласынан артық биік құрмет жоқ" дер едім. Өнерімнің өрлеуі елдің батасынан екенін терең ұғынамын. "Ерім" дейтін ел барда, "елім" дейтін ерлер туады. Қай мемлекетте, қай жерде жүрсем де елімнің абыройы биік болса екен деп тілеймін.Димаш Құдайберген

Ол сонымен бірге Қазақстан халқын 25 қазан - Республика күнімен құттықтады.

"Құрметті ағайын, мемлекетіміздің басты мерекесі - "Республика күні" мейрамымен баршаңызды құттықтаймын! Сонымен бірге жас болсам да бар ниетімен құрмет қылып, марапаттап жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлына шын жүректен алғыс айтқым келеді!" Димаш Құдайберген

Еске салайық, бүгін, 24 қазанда әнші Димаш Құдайберген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен "Қазақстанның халық әртісі" атағын алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: