"Одиссея-дан" кейін не көреміз: Кристофера Нолан фильмдері MEGOGO-да

"Одиссея-дан" кейін не көреміз: Кристофера Нолан фильмдері MEGOGO-да, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 16:05 Сурет: Megogo
Оның фильмдерін заманауи кинематографтың жауһарлары, ал Кристофер Ноланның өзін данышпан деп атайды.

Оның әрбір премьерасы нағыз мәдени оқиғаға айналады, ал туындылары көрерменді жылдар бойы астарлы мағыналар төңірегінде пікірталас тудыруға, күтпеген финалдарды талқылауға және фильмдерді қайта-қайта тамашалауға итермелейді.

Егер "Одиссеядан" кейін режиссер шығармашылығымен қоштасқыңыз келмесе, онда оның әлеміне толықтай бой алдырып, MEGOGO-дағы Ноланның ең үздік фильмдер топтамасын қосатын кез келді.

Начало | IMDb 8.8

"Одиссея-дан" кейін не көреміз: Кристофера Нолан фильмдері MEGOGO-да, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 16:05

Сурет: Megogo

Оқиғаның өзегінде – өзгелердің түсіне еніп, жасырын ақпаратты ұрлай алатын өз ісінің хас шебері. Сирек кездесетін дарынының арқасында Дом Кобб корпоративтік тыңшылық әлеміндегі ең мықты мамандардың біріне айналады. Бұрынғы қалыпты өмірін қайтарып алу мүмкіндігіне туғанда, Кобб орындалуы мүмкін емес дерлік тапсырмаға тәуекел етеді. Алайда, ол өз командасымен бірге түстер лабиринтіне неғұрлым терең бойлаған сайын, шынайы өмірді елестен ажырату соғұрлым қиынға соғады.

Интерстеллар | IMDb 8.7

"Одиссея-дан" кейін не көреміз: Кристофера Нолан фильмдері MEGOGO-да, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 16:05

Сурет: Megogo

Жер біртіндеп тіршілікке жарамсыз болып, адамзат жойылып кетудің алдында тұр. Аман қалудың жалғыз үміті – Күн жүйесінің шегінен тыс аймаққа жол тартатын экспедиция. Бұрынғы ұшқыш Купер отбасын қалдырып, командасымен бірге жаңа мекен іздеп ғарышқа аттанады. Онда оларды зерттелмеген ғаламшарлар, уақыт аномалиялары және алдын ала дайындалу мүмкін емес сынақтар күтіп тұр.

Дюнкерк | IMDb 7.8

"Одиссея-дан" кейін не көреміз: Кристофера Нолан фильмдері MEGOGO-да, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 16:05

Сурет: Megogo

1940 жылдың мамыр айы. Британ, француз және бельгия сарбаздары Францияның Дюнкерк қаласы маңында теңіз жағалауына тықсырылып, қыспақта қалады. Неміс әскері шабуылдап келеді, ал шегінер жалғыз ғана жол бар – ол бұғаз арқылы өту. Аман қалудың жалғыз үміті ауқымды эвакуацияға айналады, ал бұл құтқару операциясына тек әскерилер ғана емес, қарапайым халық та атсалысады.

Оппенгеймер | IMDb 8.2

"Одиссея-дан" кейін не көреміз: Кристофера Нолан фильмдері MEGOGO-да, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 16:05

Сурет: Megogo

Бұл – ашқан жаңалығы бүкіл әлем мен соғыстың барысын біржолата өзгерткен адамның хикаясы. Теориялық физик Дж. Роберт Оппенгеймерге тұтас адамзаттың болашағын шешетін аса маңызды міндет жүктеледі. Ол ең мықты ғалымдар тобын бастап, атом бомбасын жасауға атсалысады. Алайда, ең ауыр сынақ жоба толықтай аяқталғаннан кейін ғана басталады. Бұл – шынайы оқиғаларға негізделген Кристофер Ноланның өмірбаяндық драмасы.

Темный рыцарь | IMDb 9.1

"Одиссея-дан" кейін не көреміз: Кристофера Нолан фильмдері MEGOGO-да, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 16:05

Сурет: Megogo

Бэтмен Готэмді қылмыскерлерден қорғауын жалғастыруда, алайда бұл жолғы жау осыған дейінгілердің ешқайсысына ұқсамайды. Джокер – бүкіл қаланы хаосқа батыруды көздейтін данышпан қылмыскер. Ол қаладағы қалыпты тәртіпті тас-талқан етіп жатқан тұста, Қара сері тек Готэмнің болашағына ғана емес, өзінің ұстанған қағидаларына да қауіп төндіретін ауыр сынақпен бетпе-бет келеді.

Престиж | IMDb 8.5

"Одиссея-дан" кейін не көреміз: Кристофера Нолан фильмдері MEGOGO-да, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 16:05

Сурет: Megogo

Ісін жаңа бастаған фокусшылар әрі бір кездері жақын дос болған Роберт Энджер мен Альфред Борден кескілескен бәсекелестіктің ортасында қалады. Энджер тек Борденге ғана мәлім құпия трюктің сырын табуға ессіздікпен кіріскенде, шектен шыққан амбицияның кесірінен олардың қарым-қатынасы нағыз соғысқа ұласады. Енді олар бұл жолда мансабын, абырой-беделін, тіпті өз өмірлерін де бәйгеге тігуге дайын.

Бэтмен: Начало | IMDb 8.2

"Одиссея-дан" кейін не көреміз: Кристофера Нолан фильмдері MEGOGO-да, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2026 16:05

Сурет: Megogo

Ата-анасының қайғылы қазасынан кейін Брюс Уэйн өзінің шынайы мұратын табу және жарқанаттар алдындағы үрейін жеңіп үйрену үшін туған қаласы Готэмді тастап кетеді. Үйіне оралған соң, ол қылмыс пен жемқорлықтың батпағына батып бара жатқан қаланы қорғауға бел буады. Осылайша Қара сері туралы аңыз дүниеге келеді.

Барлық фильмдерді MEGOGO-ның арнайы топтамасында көре аласыздар.

Серіктес материалы

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: