Индонезия Қазақстанның вакциналау паспортын мойындады
Қазақстан мен Индонезия вакциналау сертификаттарын өзара тану туралы келісімге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Онлайн режимде өткен Health Business Gathering форумда ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов пен Индонезия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Буди Гунади Садикин коронавирусқа қарсы вакциналау сертификаттарын өзара тануға қатысты. Өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды.
Құжат Қазақстан Үкіметінің «Egov mobile» мобильдік қосымшасы берген коронавирусқа қарсы вакциналау сертификаттарын және «PeduliLindungi» платформасындағы ақпаратты өзара мойындауға негізделген.
Бүгінгі таңда қазақстандық вакциналау паспортын әлемнің 20 елі мойындаған. Олар: Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Иордания, Қырғызстан, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения, Беларусь Республикасы, Молдова, Перу Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин Республикасы, Таиланд, Түркия және Эстония.
Біз вакцинаны шығаратын зауыт құрылысының екінші кезеңін аяқтап, 2022 жылы жылына 60 миллион доза вакцина ала алатын боламыз деп ойлаймыз. QazVac вакцинасының экспортын ұйымдастыруға дайынбыз. вице-министр Марат Шоранов.