Қазақстанда коронавируспен ауырып жатқандар саны азайды – Бүркітбаев

"Омикрон" штамм, жағдай , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2021 09:49 Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстанда коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

Соңғы екі аптада індетке шалдыққандар саны 32%-ға азайды. Орташа есеппен алғанда күн сайын орташа есеппен ПТР сынамасы оң нәтиже берген 500-ге дейін және ПТР сынамасы теріс нәтиже көрсеткен 50-ге дейін коронавирустық инфекция жағдайы тіркеледі.Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев

Сонымен қатар 15 өңір "жасыл" аймақта орналасқан. Ал Солтүстік Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймақта қалып отыр.

Оның айтуынша, емделіп шыққандар санының ауырып жатқандардан көп болуынан тұрақты эпидемиологиялық жағдай туындаған.

Сондай-ақ үкімет отырысында 5 қаңтардан бастап Қазақстанда коронавирустың "омикрон" штамына байланысты жаңа шектеулер енгізілетіні хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: