Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері жаңадан тағайындалды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.01.2022 23:32 Сурет: Алматы қалалық СЭБД
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері болып Қарлығаш Әбдіжаппарова тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz

Кадрлық тағайындау туралы ақпарат Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында жарияланды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі -  Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің бұйрығымен 2022 жылдың 12 қаңтарынан бастап Департамент басшысының міндетін атқарушы Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаппарова жаңадан Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері айқындалғанға дейін Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері болып айқындалды.Хабарлама мәтіні

Қарлығаш Қожаназарқызы Әбдіжаппарова 1967 жылы 19 қыркүйекте Алматыда дүниеге келген.

Білімі мен білігі:

  • Қарағанды мемлекеттік медицина институтын дәрігер гигиенист эпидемиолог мамандығы бойынша бітірген (1990 жылы)

Еңбек өтілі:

  • Алматы қаласы Алмалы ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің балалар мен жасөспірімдер гигиенасы бөлімінің санитарлық дәрігері – 1995 - 1996 жж;

  • Алматы қаласы Алмалы ауданы Санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің санитарлық бөлімінің уақытша меңгерушісі, меңгерушісі – 1996 - 2003 жж;

  • Алматы қаласы Алмалы ауданы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармасының санитарлық-гигиеналық бөлімінің басшысы – 2003 - 2005 жж;

  • Алматы қаласы Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің санитарлық-гигиеналық қадағалау басқармасының басшысы – 2005 - 2008 жж;

  • Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармасының бас маманы-басшы көмекшісі – 2008 - 2009 жж;

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің санитарлық-гигиеналық қадағалау басқармасының бастығы – 2009 - 2010 жж;

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары – 2010 - 2012 жж;

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті директорының орынбасары – 2012 - 2013 жж;

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары – 2013 - 2014 жж;

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Алматы қаласы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары – 2014 - 2017 жж;

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары – 2017 - 2017 жж;

  • Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары – 2017 - 2019 жж;

  • Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы басшысының орынбасары – 2019 - 2021 жж;

  • 2021 жылғы 29 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары болып келді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: