Коронавирус инфекциясының жаңа толқыны келе жатыр
Ол журналистермен өткен брифингте қаланың үшінші күннен бері «қызыл» аймаққа енгенін айтты. Қалада КВИ жұқтырғандар саны 2,2 есеге өсті.
Эпидемияның кезекті толқыны жаңа жылдық мерекелер мен тәртіпсіздіктерден кейін басталды және оған "омикрон" штамы себеп болды. Мұны 6 қаңтардағы секвенирлеу нәтижелері растайды: 96 сынаманың 8 сынамасында жаңа штамм табылды, оның ішінде 7 сынама Алматыдан.
«Омикронға» тән эпидемиологиялық процестің ерекшеліктері байқалады: жұғуы жылдамырақ, иммунитетті жеңу қабілеті күштірек, қайта жұқтыру қаупінің жоғарылығы және 20-30 жастағы жастардың көбірек сырқаттануы.
Бір аптаның ішінде КВИ жұқтырғандар саны күрт артты. Оған қоса қайта науқастанып жатқандар саны да көбейіп келеді.
Осының барлығы "омикрон" штамы халық арасында тез таралып жатқанын және жақын арада "дельта" штамын алмастыратынын көрсетеді.Алматының бас санитар дәрігері Қарлығаш Әбдіжаппарова
Санитарлық дәрігерлер коронавирустың келесі толқынының шарықтау шегі осы жылдың наурыз айына тұспа-тұс келеді деп болжап отыр.