Қазақстан қосымша 5 млн доза вакцина сатып алады
![Вакцина сатып алу , сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2022 16:15](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-e38b69d5-6bdb-42f1-a1e6-6d4e30f06daa/800x451.webp)
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде Қазақстандағы КВИ-ға қарсы вакцинация және ревакцинация мәселесіне, препараттардың жеткіліктілігіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz
Бізде шамамен 5 млн доза вакцина бар: оның 2,8-і вакцинацияға, 2 млн-ы ревакцинацияға арналған. Барлық емханаларда вакцинация және ревакцинацияға арналған препараттар бар. Биылғы жылы осы вакциналарға қосымша 5 млн доза вакцина сатып алуды жоспарлап отырмыз. Вакцинация және ревакцинация жоспарлы түрде жүргізіледі.ҚР ДСМ Ажар Ғиният
Қазіргі уақытта ведомство "Синофарм "вакцинасының 2 млн дозасын сатып алу туралы келіссөздер жүргізуде.
Бүгінгі таңда І компонент 9,5 млн-нан астам адамға салынды, тиісті ересек тұрғындарды қамту 79,6%-ды құрады, ІІ компонент 8,8 млн-нан астам адамға салынып, тиісті ересек тұрғындардың 75,8%-ын қамтыды. Республика бойынша қайта вакцинациялауға жататын халықтың 26,8%-ы қамтылды.
Қазақстанда COVID-19 вакцинациясы мен ревакцинациясы үшін "Гам-КОВИД-Вак "("Спутник V")," QazVac " ("QazCovid-in") , "Comirnaty" ("Pfizer") және "Vero Cell" ("Sinopharm") вакциналары қол жетімді.
Бұдан басқа, ағымдағы айда "Спутник Лайт" вакцинасының 150 мың дозасы өтеусіз негізде жеткізіледі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript