Еліміздің барлық дерлік өңірі "қызыл" аймақта

Қызыл аймақ, пандемия, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2022 09:50 Сурет: pixabay
Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz

21 қаңтардағы мәлімет бойынша, елімізде жаңа антирекорд тіркелді. Қазақстан бойынша бір тәулікте 16 284 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды.

Оның ішінде Нұр-Сұлтанда 5006 адам, ал Алматыда 2057 адам коронавирус жұқтырған.

Соған сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Алматы, Ақтөбе, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары "қызыл" аймақта.

Ал "сары" аймақта Түркістан облысы ғана тұр.

"Жасыл" аймақта ешқандай өңір жоқ.

20 қаңтарға дейін Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 104 772 адам, ІІ компонентін 8 667 645 адам салдырды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: