Фаст-фуд пен жартылай фабрикаттармен тамақтану қандай ауруға душар етеді

Салауатты өмір, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2022 14:39 Сурет: pixabay
Диетолог және эндокринолог Алексей Калинчев фаст-фуд пен жартылай фабрикаттарды үнемі қолдану қандай ауыр зардаптарға әкеліп соғуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Калинчев RT-ға берген сұхбатында фас-фут және жартылай дайын тамақтармен үнемі тамақтану денедегі майды арттыратынын айтты. Алдымен бұл - артық салмақ, содан кейін семіздік. Дамыған елдер халқының 60% осындай проблемаға тап келген. Ал салмақ қоспайтын адамдарда созылмалы асқазан-ішек аурулары, созылмалы гастрит, панкреатит, холелитиаз күшейіп, түрлі аурулар үдейді.

Сонымен қатар, мұндай рацион целлюлиттің пайда болуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Бұл, әсіресе фас-футты жиі тұтынатындардан байқалады, ал жартылай фабрикаттардан келетін зиян, көбіне көзге көріне бермейді, - дейді сарапшы.

Оның айтуынша, жартылай фабрикаттарды анда-санда қолдануға болады, бірақ күніне үш рет ыстық тамақ ішкен жағдайда.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: