Дәрігер «омикроннан» емделген соң ағзада көрініс табатын белгілерді атады
Сурет: pixabay
Роспотребнадзордың Габричевский атындағы Мәскеу эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу институты директорының клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасары Татьяна Руженцова "омикрон" штаммнан емделгеннен кейінгі адам ағзасынан көрініс табатын өзгерістерді атады, деп хабарлайды Zakon.kz
ТАСС-қа берген сұхбатында маман "омикроннан" кейін "дельта" штаммнан соң туындайтын синдромға қарағанда салдарлар аз көрініс табатынын атап өтті.
Тромбоздың белгілері, тұрақты жүрек-тамыр және асқазан-ішек қызметінің бұзылыстары аз кездеседі. Медицина ғылымдарының докторы, Роспотребнадзордың жұқпалы патология клиникалық бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері Татьяна Руженцова
Сонымен бірге, Руженцова бұл коронавирус инфекциясының жаңа нұсқасын жұқтырған көптеген адамда иммунитеттің болуымен, жас ерекшелігімен, сондай-ақ инфекцияның айқын белгілеріне байланысты белсенді терапияның тез қолға алынуымен тікелей байланысты болуы мүмкін екенін айтады.
Сонымен қатар дәрігер "омикроннан" кейін бұрын вакцина алған науқастарда аурудың қандай да бір салдары аз болатынын атап өтті.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript