Жаңалықтар тізбегі
0

Смартфондағы қолданба адам қанының қаншалықты ұйығанын анықтай алады

Қан, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2022 17:50 Сурет: pixabay
Смартфон қолданбасы қанның ұюының қаншалықты жақсы екенін анықтау үшін бір тамшы қанды дірілдете алады, деп хабарлайды Zakon.kz

Қан өзі табиғи жолмен ұйып тұра алады. Себебі ол адам жарақат алған кезде тым көп қан жоғалтпауы үшін де керек. Алайда денсаулығында жүрек аурулары сияқты проблемалары бар науқастардағы қан ұйығыштық инсультке немесе инфарктқа әкелуі мүмкін. Сондықтан миллиондаған американдықтар варфарин сияқты қанды сұйылтатын препараттарды ішеді.

Бірақ варфарин ішіп жүру жақсы әдет емес. Мұндайда қанның дұрыс диапазонда екеніне көз жеткізу үшін пациенттерді жиі тексеріп тұру қажет. Себебі қан тым оңай ұйып кететін болса, ол инсультке немесе инфарктқа әкелуі мүмкін. Ал керісінше ұйымайтын қан жарақаттан кейін көп қан кетуіне әсер етіп жатады. Ал қан құрамы мен оның қаншалықты ұйыйтынын тексеру үшін пациенттер емхананың зертханасына баруы керек немесе қымбат тұратын үйде тестілеу жүйесін пайдалануы керек.

Вашингтон университетінің зерттеушілері қанның ұю деңгейін анықтайтын жаңа тест ойлап тапты. Бұл туралы Еurekalert.org сайты хабарлады.

Мұндай тестілеуге бір тамшы қан мен смартфонның вибрациясы және камерасы ғана қажет. Мұндай жүйе телефон камерасының астындағы кішкене шыныаяқты пластик қақпақты қамтиды.

Адам сол кішкентай ыдысқа бір тамшы қанды тамызады. Ал ол шыныаяқтың құрамында кішкене мыс және қанның ұю процесін бастайтын химиялық зат бар. Содан кейін телефонның вибрация қозғалтқышы шыныаяқты ​​шайқайды да, смартфон камерасы бөлшектердің қозғалысын бақылайды. Сол кезде қан аздап баяулайды, сосын тоқтайды. Кейін ұйып қалады. Зерттеушілер бұл әдіс стандартты аспаптар сияқты дәл қорытынды бере алады деп отыр. Вашингтон университетінің зерттеушілері мұндай қорытындыны Nature Communications cайтына жариялады.

Ертеде дәрігерлер қанның ұюына қанша уақыт кететінін білу үшін шыны түтікті қолмен алға-артқа шайқайтын. Дегенмен мұндай тәсілге көп мөлшердегі қан керек. Сондықтан мұндай әдісті үйде жасау мүмкін емес. Біздің креативті жаңалығымыздың ерекшелігі сонда – смартфондағы діріл қозғалтқышы арқылы бір-ақ тамшы қанды қолданып дәл солай қанның ұюын анықтай алады.Пол Г. Аллен атындағы Информатика және инженерия мектебінің UW профессоры Shyam Gollakota
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: