«Стелс-омикрон» деген шығып, науқастар қайта иіс сезбей қалып жатыр

Дәрігер кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2022 22:03 Сурет: pixabay
"Стелс-омикрон" жұқтырған науқастарда COVID-19-дың "Ухань штаммы" кезінде бастан өткен симптомдар байқалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Невропатолог, нейрофизиолог Александр Будик Sputnik радиосына берген сұхбатында "Стелс-омикрон" жұқтырған науқастарда "дельта штамм" кезінде болмаған ауру белгілеріне жиі шағымданып жатқанын айтты.

Дәрігер "омикрон штаммның" ВА2 деген кіші түрінің, яғни "Стелс-омикронның" тарауы кезінде науқастардан иіс сезу қабілетінің төмендеуіне қатысты шағымдар қайтадан түсе бастады. Бұл симптом "Ухань штаммы" кезінде коронавирус инфекциясына тән белгілерінің бірі болып саналды, бірақ "дельтаны" жұқтырғандар арасында ол сирек кездесті.

Дәрігер атап өткендей, коронавирус инфекциясын жұқтырудан туындайтын тәуекелдерді болдырмаудың басты амалы вакциналау болып қала береді. Неврологтың айтуынша, вакцинация денеге оқ өткізбейтін кеудеше секілді аурудың ауыр ағымынан қорғайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: