Жаңалықтар тізбегі
0

Димаш қайырымдылық ұйымымен бірлесіп онкология орталығына көмектесті

орталық, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.03.2022 11:54 Сурет: dimashnews.com
Димаш пен project C. U. R. E. қайырымдылық ұйымы бірлесіп, елордадағы Ұлттық ғылыми онкология орталығына медицина жабдықтары мен материалдар жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылы Димаш Құдайберген Tixr американдық платформасында қайырымдылық сипаты бар Project C. U. R. E. коммерциялық емес ұйымымен бірге «Dimash Digital Show» онлайн-концертін өткізген еді. Соның нәтижесінде медицина орталығына кереуеттер, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арбалар, хирургиялық бас киімдер, қолғаптар, хирургиялық маскалар, көзілдіріктер, N-95 халаттар берілді.

Dimashnews.com сайтының хабалауынша, 21 ақпанда «DimashAli» шығармашылық орталығының жетекшісі Қанат Айтбаев пен «DimashNews» редакциясы және жоба үйлестірушісі Қымбат Жақыпова онкология орталығына барып, жеткізілген жүкті қарап, орталық қызметкерлерімен әңгімелесіп қайтты.

Орталық қызметкерлері Димаш Құдайбергенге алғысын білдіріп, табыс тіледі. Олардың айтуынша, ауыр сырқаттан өмірге деген ынтасын жоғалтқан пациенттерді шығармашылыққа баулу өте маңызды. Дәрігерлер мұндайда әншінің өнері адамдардың әрі қарай өмір сүруіне көмектеседі деп есептейді.

Қазіргі эпидемиологиялық жағдайда онкология орталығындағы қызметкерлер науқастарды емдеуге арналған жабдықтар мен материалдарды белсенді қолданып жатыр. Кереуеттер палаталарға орнатылады. Медициналық материалдар қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесіп жатыр. ҰҒОО Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Сыздықұлы Сатыбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: