Жаңалықтар тізбегі
0

Медицина қызметкерлеріне бұрын берілген санаттар үшін қосымша ақылар қайтарылады

Жалақы, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.03.2022 21:47 Сурет: gov.kz
Денсаулық сақтау министрі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін медицина қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын есептеуді қамтамасыз ету мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімге қосымша қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

4 наурызда ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният салалық кәсіподақ ұйымының басшыларымен және Ұлттық денсаулық сақтау палатасымен бірлесіп, бұрын берілген біліктілік санаттары куәліктерінің қолданылу мерзімінің аяқталуына қарамастан (жоғары, бірінші, екінші), 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін медицина қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын есептеуді қамтамасыз ету мақсатында 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімге қосымша қол қойды.

"Денсаулық сақтау субъектілеріндегі қызметкерлердің (медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда) жалақысын олардың белгіленген лауазымдық айлықақыларының мөлшеріне түзету коэффициенттерін қолдана отырып төлеу қамтамасыз етілсін: 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде", - делінген құжатта.

ҚР ДСМ, "AQNIET" қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және ҰДП арасындағы салалық келісім әлеуметтік әріптестіктің негізгі құқықтық актісі болуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: