Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер тағы бір қаулыға қол қойды

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер, ҚР үкіметінің қаулысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.03.2022 17:59 Сурет: Zakon.kz
«Қазақстан Республикасындағы коронавирус инфекциясының профилактика шаралары туралы»  ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2022 жылғы 25 наурыздағы №16 қаулысына қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы қаулымен «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» 2022 жылғы 14 наурыздағы № 12 қаулының күші жойылды.

Бұрын қолданыстағы қаулыға қарағанда жаңа қаулыда:

  • маска кию міндетті болып табылатын медициналық ұйымдарды (персонал, қызметкерлер, пациенттер, келушілер) қоспағанда үй-жайларда міндетті түрде маска кию алынып тасталды. Сондай-ақ халықтың көп жиналатын орындарында, қоғамдық және әуе көліктерінде, ұйымдасқан ұжымдарда медициналық масканы пайдалану ұсыным сипатында қалдырылды;

  • объектілерде санитариялық-эпидемиологиялық режимді сақтау бойынша ерекше талаптар алынып тасталды.

    Қаулының толық мәтінін мына жерден оқи аласыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: