Елімізде Pfizer вакцинасын миллионға жуық адам салдырды

11 сәуірдегі ақпарат бойынша Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін – 9 465 962, 2-компонентін 9 198 853 адам салдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомствоаралық комиссия жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді және бала емізетін аналарды вакцинациялау бойынша ақпарат ұсынды. Соған сай Қазақстанда Pfizer екпесінің 1-дозасын – 985 053 азамат, 2-дозасын 854 008 тұрғын салдырды.
Оның ішінде алғашқы компонентін 794 847 жасөспірім, 36 514 жүкті әйел, бала емізетін 130 546 әйел салдырса, 2-компанентін 710 976 жасөспірім, 31 073 жүкті әйел, бала емізетін 110 774 әйел қабылдаған.
Еске сала кетейік, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 12 жаңа жағдайы тіркелді. Соның ішінде:
Нұр-Сұлтанда – 4,
Алматыда – 7,
ШҚО-да – 1.
Елде барлығы 1 305 304 коронавирус жұқтыру жағдайы расталды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript