ДДСҰ 12 елде балалардың гепатиттің беймәлім түріне шалдығып жатқанын мәлімдеді

ДДСҰ, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2022 17:31 Сурет: pixabay
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы әлемнің 12 елінде балалардан гепатиттің беймәлім түрі анықталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ДДСҰ мәлімдемесінде көрсетілгендей, 21 сәуірдегі жағдай бойынша белгісіз ауыр гепатит ДДҰ Еуропалық аймағының 11 елінде, Солтүстік және Оңтүстік Америка аймағындағы тағы бір мемлекеттен анықталды, деп хабарлайды РИА Новости.

Қазіргі уақытта бұл аурудан өлім-жітімнің бір фактісі тіркелгені туралы ақпарат бар. Ұлыбританияда - 114, Испанияда – 13, Израильде – 12, АҚШ-та – 9, Данияда 6 жағдай тіркелген. Ирландия, Италия, Нидерланды, Норвегия, Франция, Румыния және Бельгияда бестен төмен жағдай тіркелген.

Сарапшылардың айтуынша, науқастардың жасы бір айдан 16 жасқа дейінгілер. Науқастардың шамамен 10%-ы бауыр трансплантациясын қажет етеді.

Сонымен қатар ұйым "А, В, С, Е және D типті гепатит вирустары осы жағдайлардың ешқайсысынан анықталмаған" деп мәлімдеді.

Кем дегенде 74 жағдайда аденовирус анықталды, 18 адамда молекулалық тестілеу кезінде F тобының аденовирусы анықталды (41 типі).

SARS-CoV-2-ге қарсы тест алынғандар арасында 20 жағдай анықталды. Сонымен қатар, 19 адамнан SARS-CoV-2 және аденовирус коинфекциясы табылды. ДДСҰ мәлімдемесі

Көптеген жағдайларда асқазан-ішек ауруларының белгілері, соның ішінде іштің ауыруы, сондай-ақ ауыр гепатиттің дамуына түрткі іш өту, құсу белгілері де бар.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: