Жаңалықтар тізбегі
0

Дұрыс тамақтанбау, ұйқының бұзылуы тері ауруларын қоздырады – дәрігер

Маман кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.05.2022 23:31 Сурет: pixabay
Невролог Галина Смирнова психоэмоционалды стрестен туындайтын тері аурулары жайлы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Gazeta.ru-ға берген сұқбатында дәрігер стресс терінің тосқауылдық және иммундық функцияларын төмендетуге, қабыну процестерін белсендіруге, ДНҚ репарациясын тежеп, жара орнының қалпына келу процесін баяулататынын атап өтті. Мұның бәрі терінің құрғауы мен сезімталдығының жоғарылауына, қартаюдың тездеуіне, сондай-ақ дерматологиялық аурулардың өршуіне әкеліп соғады.

"Әсіресе, себореялық және атопиялық дерматит, псориаз, нейродермит, экзема, алопеция, психогенді қышу сияқты тері аурулары стресс факторларына тәуелді. Сонымен қатар, қабыну реакцияларының дамуы және шартты патогенді флораның белсенділігі стресстің ұзақмерзімді әсерінің нәтижесі болып табылады. Психогендік қышу психикалық бұзылулармен байланысты. Көбінесе бұл галлюцинациялық сезімге байланысты, бір нәрсе шағып алған секілді көрініп, бір жерін қаси бергісі келеді, бірақ нақтысында сырттай ешқандай әсер болмайды", – деп түсіндіреді ол.

Сонымен қатар, стреске байланысты шаштың түсуі (алопеция) жиі кездеседі. Шаштың жиі түсуі – ошақты немесе ұяшықты, алопеция. Бастағы ғана шаш емес, денедегі, қас пен кірпіктердің де түсуі мүмкін, - дейді сарапшы.

Маманның пікірінше, генетикалық бейімділігі бар, ақыл-ой, психологиялық және физикалық тұрғыдан тұрақты күйзеліске ұшыраған, күнделікті тәртіпсіздік, ұйқының бұзылуы, уақтылы тамақтанбау, ас қорыту жүйесінің бұзылуы, эндокриндік және жүйке жүйелерінің аурулары, зиянды әдеттерге бейім адамдар тері ауруына бейім келеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: