Қазақстанда емделу қымбаттап барады

медицина, дәрігер, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 13:25 Сурет: pixabay
Қазақстанда амбулаторлық-емханалық қызметтер бір айда 4% қымбаттады. Сарапшылардың бағалауынша, жылдық динамика бойынша баға өсімі 10% болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Energyprom.kz зерттеуінше, ай сайынғы динамикадағы бағаның өсуін Ақмола облысының тұрғындары қатты сезінді, бұл аймақта амбулаторлық-емханалық қызметтер бір айда бірден 9,5% қымбаттады.

Алғашқы үштікке Алматы облысы (7,7%) мен Алматы қаласы (6,1%) кірді. Айта кетейік, еліміздің 17 өңірінің 4-інде баға бұрынғы деңгейде қалды.

Жыл басынан бері баға Түркістан облысында бірден 12,5%-ға, Ақмолада 9,5%-ға, Алматыда 8,5%-ға өсті, – делінген зерттеуде.

Жылдық динамика бойынша бағаның айтарлықтай өсуі Түркістан (бірден плюс 22,2%), Алматы (плюс 14,8%) және Ақмола (плюс 13,5%) облыстарында байқалды.

Ай сайынғы динамика бойынша, сарапшылардың бағалауынша, наурызда бастапқы дәрігердің қабылдауына жазылу бағасы 4,3%-ға, стоматологиялық қызмет – 3,4%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері – 3%-ға, дәрігерлік амбулаториялардағы дәрігерлердің қызметтері – 3%-ға өсті.

Жылдық динамикаға келетін болсақ, дәрігерге алғашқы қаралу бағасы 12,4%-ға, дәрігерлік амбулаториялардағы дәрігер мамандарының қызметі 12,2%-ға, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері 8,6%-ға, стоматологиялық қызметтер қымбаттады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: