Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігер түске дейін ұйықтайтындар қандай қауіпке бас тігетінін айтты

Дәрігер кеңесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.05.2022 15:09 Сурет: pixabay
Адам денсаулығына тек кеш жату ғана емес, сонымен қатар түске дейін ұйықтау әдеті де зиян тигізеді, дейді мамандар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ресейлік бесінші арнаға берген сұхбатында терапевт-ұйқытанушы маман Павел Кудинов осылай деді.

Көбінесе биологиялық тынығу сағаттарының бұзылысы кеш жату, сәйкесінше, ұйқыдан кеш оянумен байланысты. Бұл құбылыс jetlag деп аталады. Оның жағымсыз салдары адамның күні бойы ұйқысы келуінен, әлсіздікті сезінуінен, жұмысының өнімділігінің төмендеуінен айқын көрінеді.

Ұйқы уақытын ауыстырудың ерекше қаупі бар, адам кеш ұйықтап, сәйкесінше кеш оянғанда, қан қысымы жоғары адамдар көбіне зардап шегеді. Ұйқы режимінің бұзылысы гипертониялық дағдарысқа әкеліп соғуы мүмкін.

Ұйқының кез-келген бұзылысы, оның ішінде уақыт белдеуінің өзгеру синдромы созылмалы ауруы бар адамдар үшін қауіпті. Мұндайда жүрек-тамыр немесе орталық жүйке жүйесінде проблемалар туындауы мүмкін. Сондай-ақ, ұйқының қанбауы жұмысы назарды жоғары талап ететін адамдар үшін қауіпті. Терапевт-ұйқытанушы Павел Кудинов

Биологиялық ырғақты қалпына келтіру үшін дәрігер күн сайын әдеттегіден бір сағат бұрын оянуды ұсынады. Осылайша дұрыс ұйқы кестесін қалпына келтіруге болады. Сондай-ақ, сарапшы жатар алдында жалбыз, лимон бальзамы, түймедақ немесе пион тұнбасын ішу керек екенін атап өтеді.

Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы дәрі-дәрмек рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алғаныңыз жөн.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: