Маймыл шешегі: Қазақстан ғалымдары вакцина әзірлеуге дайын
Осыған орай Zakon.kz редакциясы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты мамандарына сауал жолдаған еді.
Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты көптеген жылдар бойы Poxviridae тектес вирустармен, соның ішінде қой, ешкі, нодулярлық дерматит вирустары кіретін Capripoxvirus-қа; тауық шешегі, көгершін шешегі және басқа да шешек вирустары кіретін Avipoxvirus-қа; сиыр шешегі, түйе шешегі, табиғи шешек және маймыл шешегі вирустары кіретін Ortopoxvirus тектестермен зерттеулер жүргізіп келеді.Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты
Институт мамандарының айтуынша, зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Қазақстан және посткеңестік елдердің ветеринарлық тәжірибесінде кеңінен қолданылатын қой шешегіне, ешкі шешегіне, нодулярлық дерматитке, түйе шешегіне, тауық шешегіне қарсы вакциналар жасалды.
Денсаулық сақтау министрлігі маймыл шешегінің Қазақстанға ену қаупін жоққа шығармайды және әлемде бұл аурудың таралу қарқыны әлі де алаңдатушылық тудырып отыр. Оның үстіне, аурудың алғашқы жағдайы қазақстандықтар жиі баратын Біріккен Араб Әмірліктерінде тіркелді. Осыған байланысты Қазақстан аумағына эпидемиологиялық және әлеуметтік ауыр салдарлары бар, өлімге алып келетін және халыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін экзотикалық аурулардың жету қаупі жоғары. Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты
«Ерте ме, кеш пе, вакцина қажет» деп есептейтін Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары маймыл шешегіне қарсы вакцинаны сиыр вирусы негізінде жедел әзірлеуді ұсынып отыр.
Қажетті реактивтер мен материалдарға қаржы болған жағдайда, жедел түрде өз вакцинамызды әзірлеуге болады.Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры Күнсұлу Закарья
Пандемия кезінде эпидемиологтар мен дәрігерлер аса қауіпті инфекцияларға тиімді қарсы тұруды үйренді. Институт мамандарының айтуынша, «бүгінгі күні денсаулық сақтау жүйесі маймыл шешегінен де күрделі ауруларды жеңе алады».
Шешек вирустарымен жұмыс істеуде әрі шешек ауруына қарсы вакциналар жасауда үлкен тәжірибесі бар Институт маймыл шешегінен де қорғайтын вакцинаны жасау бойынша зерттеулер жүргізуге дайын және мүмкіндігі бар.Күнсұлу Закарья
Маймыл шешегі (monkeypoxes – MPXV) – сирек кездесетін жұқпалы ауру, қызба, жалпы интоксикация және экзантеманың пайда болуымен сипатталады (қызару). Клиникалық көріністері бойынша маймыл шешегі аса қауіпті табиғи шешекке қатты ұқсайды. Бірақ бұл әлдеқайда жеңіл, асқынусыз өтеді және оны жұқтыру қиын – кем дегенде 4 сағат бойы науқас адаммен байланыста болу керек.