Испанияда маймыл шешегін жұқтырудың 14 жаңа жағдайы анықталды
Карлос III атындағы Денсаулық институты 156 жағдайды растады, - делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін билік анықталған 142 жағдай туралы хабарлаған.
Маймыл шешегі - сирек кездесетін вирус сипатындағы ауру, ол негізінен Африканың орталығы мен батысындағы ылғалды тропикалық ормандардың жанында орналасқан шалғай аудандарда кездеседі. Вирус адамға кеміргіштер мен приматтар сияқты жабайы жануарлардан беріледі, ал оның адамнан адамға жұғуы шектеулі сипатқа ие.
ДДСҰ маймыл шешегі індеті кезіндегі өлім-жітім коэффициенті 1%-дан 10%-ға дейінгі көлемді құрайды, ал өлімнің басым бөлігі жастардың үлесіне тиесілі екенін нақтылады.
Бұл аурудың нақты емі жоқ, оған қарсы вакцина да әзірленбеген. Бірақ қарапайым шешекке қарсы жасалған вакциналау осы аурудың алдын алуда жоғары тиімділік танытады.