Маман аптап ыстықта ет жеу неге қауіпті екенін айтты
Сурет: pixabay
Диетолог Елена Соломатина аптап ыстықта ет жеу неге қаупі екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Күн ыстықта ағза жұмысының барлығы баяулайды. Ал шикі көкөністер талшығы ас қорытуға көмектеседі. Егер ет ұзақ уақыт қорытылатын болса, бұл қауіпті. Әсіресе ауыр, қызыл ет болса. Ол ұзақ уақыт бойы асқазанда ғана емес, ішекте де жатып қалады. Бұл онкологияның пайда болу қаупін ұлғайтады, өйткені талшықтар астың тез жүріп, тамақтан арылуға көмектеседі", - деді ura.ru-ға берген сұқбатында маман.
Ол шашлықтың орнына ылғалға бай пісірілген көкөністерден барбекю жасауды ұсынады. Диетолог ыстықта дене барлық күшін салқындауға жұмсайтынын, бұл ас қорыту жүйесінің жұмысына әсер ететінін айтады.
"Мұндайда ас өте жақсы сіңірілмейді, өйткені бұл үшін қанның қалыпты қозғалысы, оттегінің болуы, ферменттердің қалыпты түрде бөлінісі керек", – деп түсіндірді сарапшы.
Соломатина қуырылған етті ұсақтап турап жеуге кеңес береді, содан кейін серуендеу қажеттілігін ескертеді, бірақ күн астында емес, көлеңкеде.
Жаңалық сипатындағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен салыстыруға болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамастан бұрын маманмен кеңесіңіз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript