Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтардың тамақтануындағы калория туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Министрлік мұндай дәйексіз статистикалық деректерді жариялау мүлдем дұрыс емес екенін айтады. Себебі тамақтану жөніндегі бейінді маман (диетолог) ғана тамақтану кезіндегі рационның немесе калорияның мөлшеріне қатысты өзінің ұсынысын бере алады. Бұл ретте маман бірінші кезекте адамның жеке қажеттілігін және медициналық көрсетілімдерді басшылыққа алады.
Қазіргі заман адамының энергетикалық шығыны шамамен – 2100 килокалорий. Оның ішінде әйел адамдарға 2400-2500 килокалорийге дейін болады. Ал мақалада калорияға қатысты көрсетілген деректер қала тұрғынының да, сонымен қатар ауыл тұрғынында қажеттілігін елеулі асырып көрсетіп отыр. Ғылыми көзқарасқа жүгініп қана халық асыра тамақтанады деп немесе халықтың жан басына шаққанда калория асырылған деп айтуға болады, – делінген министрлік хабарламасында.
Керісінше ірі қалалардағы адамдардың калориясының төмендеу динамикасы тұрғындардың өзі ішіп жүрген тамағының рационына және дене салмағына, рациондағы зиян тамақ, май, қант, нан өнімінің мөлшеріне ерекше көңіл бөлетінін білдіреді. Қазақстандықтар өзінің денсаулығы көбіне тамақтануына байланысты екенін түсінеді. Адамдарда өзінің денсаулығына деген саналы түсінік пайда болды, тамақтану мәдениеті қалыптасты. Бұл – халықты сауықтырудың оң үрдісі, – деді Қарағанды медицина университетінің және Астана медицина университетінің профессоры, нутрициолог Светлана Плясовская.
Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі осындай жариялымдар жеке адамның және қоғамның денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екеніне сенімді. Өйткені онда дәлелді медицинаға және тамақтану саласындағы ғылыми зерттеулерге қатысы жоқ фактілер жариялануы мүмкін.
Еске сала кетейік, 7 шілде күні Energyprom.kz сайты Қазақстан халқының тамақтануының калориялығы бір жылда 9,2%-ға төмендеп, 2021 жылы жан басына шаққандағы тәуліктік рационда 3111 ккал құрады деген ақпарат жариялады. Олардың хабарлауынша, бұл – 2016 жылы Қазақстан халқының тұтынатын калориясын есепке алу енгізілгеннен бергі ең төменгі көрсеткіш.