Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан шекарасы қандай жағдайда жабылады

вакцинация, коронавирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2022 14:39 Сурет: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният коронавирусқа байланысты Қазақстандағы мемлекеттік шекаралар қандай жағдайда жабылуы мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ажар Ғиният Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде коронавирус ауруының көбейгенін жеткізді.

Осыған байланысты журналистер «қызыл» аймаққа көшкен аймақтарға қатаң карантин енгізуге бола ма деп сұрады. Ажар Ғиният мүмкін деп жауап берді.

Сонымен қатар министр елден шығуға және кіруге тыйым салу жоспары бар ма деген сұраққа да түсініктеме берді.

Қазір инфекцияның эпидемиологиясы зерттеліп жатыр. Егер қандай да бір елде коронавирустың жаңа штаммы анықталса және ол біздің елде әлі тіркелмесе, сонда ғана шекараны жабу туралы шаралар қолға алынады.ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бұл инфекцияның циклді және толқынды ағымы бар екенін атап өтті.

Вирус өзгеріп, құбылып жатыр. Клиникалық көрініс те өзгеріп жатыр және бұл вирустың жаңа штаммы бола ма, клиникасы қандай болады, әлі белгісіз. Енді дәл осы толқында Delta вирусы сияқты өкпенің мұндай зақымдануы жоқ. Сондықтан біз инфекцияны қадағалап, реттеп, ұйымдастыру мәселелерін, көмек көрсету және емдеуді, сонымен бірге инфекцияның ағымы мен таралуына байланысты карантин шараларын қарастырамыз.Ажар Ғиният
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: