COVID-19 штаммы – «кентавр» Ресейге жетті
Сурет: unsplash
Алғаш рет «кентавр» штамы Үндістанда анықталды. Содан кейін ол Жапонияда, Германияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та да тіркелді. Барлық жағдайда бұл штамм ауруханаға жатқызусыз оңай өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Кентаврдың» ерекшеліктері әлі анықталған жоқ. Оның «омикронның» басқа кіші түрлерінен қаншалықты ерекшеленетіні алдағы апталарда белгілі болады.
COVID-19-ның жаңа нұсқаларына шыдау қиын емес. Дегенмен коронавирус инфекциясы – әлі де қауіпті вирус.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті негізгі сақтық ережелерін ұмытпауға кеңес береді. Сондықтан адамдарды қоғамдық орындарда, үй-жайларда және әуежайлар мен теміржол вокзалдарында маска тағып жүруге шақырады. Сонымен қатар антисептиктерді қолданған жөн, – делінген ҚР ІІМ-нің коронавирус таратпау жөніндегі хабарламасында.
Әр алты ай сайын COVID-19-ға қарсы ревакцинациядан өту ұсынылады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript