Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы іргесіндегі аурухана палатасында тарақан қаптап кеткен

аурухана, палата, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.07.2022 10:59 Сурет: Zakon.kz
21 шілде күні желіде Алматы маңындағы облыстық ауруханалардың біріндегі палатадан түсірілген видео жарияланды. Видео авторы антисанитариялық жағдайға ашуланды: тарақандар шкафта, раковинада, тіпті тоңазытқышта да жорғалайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Барлық жерде тарақан жүр. Адамдар шағымданып жүр, өзім де осы тарақан кесірінен ұйықтай алмаймын. Бұл – Halyk arena-ға қарама-қарсы орналасқан Алматының облыстық ауруханасы. Жағдай тек тарақанға тіреліп тұрған жоқ. Сұрайын дегенім, емделушілер қашаннан бері тегін ауруханаларда тамаққа ақша төлейтін болған? Таңғы ас, түскі және кешкі ас әрқайсысы 500 теңгеден тұрады, – делінген видеодағы жазбада.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасы түсініктеме берді. Дәрігерлердің айтуынша, видео авторы 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні күндізгі стационарға емделуге түскен.

19 шілдеден бастап қолданыстағы нормативтік-құқықтық базаға сай кесте бойынша ай сайын жоспарлы дезинсекциялау жүргізіледі. Келісімшарт бойынша дезинсекцияны Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық сараптама орталығының (Алматы) филиалы жүргізеді, – делінген түсініктемеде.

Сонымен қатар мекеме тамақ бағасы туралы да түсініктеме берді.

Күндізгі стационардағы науқастарды тамақтандыру Денсаулық сақтау министрлігінің 2015 жылғы 17 тамыздағы №669 «Стационарлық көмек көрсету қағидатын бекіту туралы» бұйрығына сай жүзеге асырылмайды, – делінген хабарламада.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: