Дәрігер маймыл шешегін кімдер ауырлау өткеретінін айтты
Маймыл шешегі - жабайы жануарлардың зооноздық инфекциясы. Ол адамға және адамнан адамға жақын қатынас арқылы беріледі. 1970 жылға дейiн инфекция хайуанаттар бағы мен ғылымы-зерттеу институтында зерттелген маймылдардан ғана табылған. Адамдарда бұл ауру алғаш рет 1970 жылы Конгода анықталған. Содан бері инфекция Конго бассейні мен Батыс Африканың ауылдық жерінде, әсіресе Конгода көп тіркеледі.Инфекционист Наталья Бочарникова
Оның айтуынша, қазір маймыл шешегі инфекциясы таралуын мына жағдайлар арқылы түсіндіруге болады:
1980 жылдан бастап аусылға (ірі-қарада болатын ауру) қарсы вакцинацияны тоқтату;
ормандарды кесу, климат өзгеруі, адамның жабайы табиғат орындарына қол сұғуы;
ауру жануарлардың нашар өңделген өнімдерін жеу;
қиын өмір сүру жағдайлары, әуе қатынасы арқылы тез таралу.
Дәрігер маймыл шешегі науқаспен 1,5 метрден аз радиуста 3 сағаттан астам бірге болғанда ауа арқылы, тері мен шырышты қабықтардағы биологиялық сұйықпен жанасқанда, шикі, нашар өңделген тағамды жегенде жүктілік кезінде анадан балаға жұғуы мүмкін екенін айтты.
Инфекционист дәрігердің айтуынша, ауру жұқтырған сәттен алғашқы белгілер пайда болғанға дейінгі кезең 5-тен 21 күнге дейін, ал орта есеппен 6-14 күн болады. Ауру жеңіл түрінде де, ауыр түрінде де симптомсыз болуы мүмкін.
Аурудың негізгі көрінісі: терідегі бөртпе, қышу, ауыз қуысында, көздің шырышты қабатында, жыныс мүшелерінде бөртпелер болуы, дене қызуы көтерілуі, бас ауруы, бұлшықет ауруы, лимфа түйіндері де ұлғаюы, жөтел және құсу.
Кей адамдар инфекцияны бірнеше симптомсыз белгілерімен өткереді, бірақ олар екі-төрт апта бойы инфекцияны өзгеге жұқтыра алады. Маймыл шешегі әдетте өздігінен жойылады, бірақ ауыр формалар пайда болуы мүмкін. Ауыр өткеруі мүмкін топтар – 10 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті төмен, Конго алқабында тұратын немесе уақытша болатын адамдар, ауыл шаруашылығында, жануарларды күтуге, аң аулауға және өлекселерді союға байланысты жұмыс істейтіндер. Иммунитеттің әлсіз және толық болмауына байланысты балалар маймыл шешегін ауыр қабылдауы мүмкін. 1980 жылға дейін туылған адамдар ауруды оңай көтереді деп саналады. Өйткені олар бір кездері шешек ауруына қарсы егілген, бірақ 1980 жылдан кейін вакцинация жойылды.Инфекционист Наталья Бочарникова
Оның айтуынша, маймыл шешегі ең әуелі асқынулардың дамуы үшін қауіпті: көру қабілетінің жоғалуы, ағзаның құрғауы, пневмонияның дамуы, сепсис. Жүкті әйелдерде қан кету, түсік тастау немесе өлі туу болуы мүмкін. Сонымен қатар инфекциядан кейін теріде және шырышты қабаттарда тыртықтар мен дақтар қалады.
Сарапшы маймыл шешегімен ауыратын науқастар әртүрлі мамандарға – офтальмологқа, гинекологқа, дерматовенерологқа, хирургқа хабарласа алатынын, сондықтан барлық емдеу мекемелерінде оқыту семинарлары өткенін, бірақ емдеу барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, жұқпалы аурулар ауруханаларында жүргізілетінін еске салды.
Мұндай науқастар ерекше қауіпті инфекция сияқты оқшаулануды қажет етеді. Әлемде бір спецификалық емдеу әдісі бар (тековиримат – вирусқа қарсы препарат), бірақ ол әлі кең тараған жоқ. Негізгі шаралар интоксикациямен күресу, ауырсынуды басу, антипиретикалық препараттар, тері күтімі және ауыздың және көздің шырышты қабығы. Жаппай жұқтыруды болдырмау үшін алдын-алу қажет. Елімізде Африка елдерінен және осы инфекцияның импорттық жағдайы тіркелген басқа елдерден келген азаматтарға ерекше назар аударылады.Наталья Бочарникова
Инфекционист маймыл шешегі тіркелген елдердің тізімі үнемі жаңарып отыратынын, сондықтан ондай елдерге баруды жоспарлап отырған азаматтар жабайы жануарларды, оның ішінде олардың етін, қанын және басқа да мүшелерін ұстамауды, жоламауды ескертті.