Жаңалықтар тізбегі
0

Маймыл шешегіне қарсы жаппай вакцина салдыру қажет пе

Маймыл шешегі, Денсаулық сақтау министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.07.2022 17:26 Сурет: Zakon.kz
ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте маймыл шешегіне қарсы жаппай екпе салдыру мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Маймыл шешегі әлемнің 82 елінде анықталды. Бүгінгі таңда вирус жұқтырған 17 мыңнан астам адам тіркелді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры маймыл шешегінің таралуын «халықаралық деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай» деп жариялады. Денсаулық сақтау вице-министрі – Қазақстанның бас санитарялық дәрігері Айжан Есмағамбетова

Бұған қоса спикер ДДҰ басшысының мәлімдемесіне сүйеніп, барлық елде бұл инфекцияның таралу қаупі бар екенін айтты. Ал бүгінде қауіптілігі жоғары елдерге Еуропа елдері кіреді, қалғандары осы инфекцияның таралу қаупі орташа немесе төмен топқа жатады.

Қазақстан маймылдың таралу қаупі төмен елдердің қатарында. Айжан Есмағамбетова

Еліміздің бас санитариялық дәрігері халық 1980 жылға дейін шешек ауруына қарсы жаппай вакцина алғанын еске салды.

Шешек вирусы мен маймыл шешегі вирусы бір-бірімен тығыз байланысты вирустар. Ғалымдардың айтуынша, кезінде шешек вакцинасын алғандардың барлығы маймыл шешегінен қорғалған деп саналады. Бүкіл халықты маймыл шешегіне қарсы вакцинациялауға қатысты ДДҰ-ның нақты ұсыныстары бар, ол бойынша барлығына бірдей вакцина салдыру қажет емес.Айжан Есмағамбетова

Оның айтуынша, инфекция өте жақын физикалық байланыс арқылы таралады және қоғамда тез таралмайды. Тек жақын қарым-қатынаста болғандарға ғана вакцина салуға болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: