Украинадан жеткізу тоқтатылған соң Қазақстан дәрі-дәрмекті қайдан алады

Украина, дәрі-дәрімек, "СҚ-Фармация", сурет - Zakon.kz жаңалық 05.08.2022 16:38 Сурет: pixabay
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев украиналық дәрі-дәрмектің жетіспеушілігі мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Бастапқыда біз форс-мажорлық жағдайға сәйкес, (шартты – ред.) тоқтатып, 19-ға жуық тауарды сатып алдық. Олардың орнын үнді, қытай, мысырлық, ішінара еуропалық дәрі-дәрмекпен алмастырдық. Алтауы бойынша сатып алу жұмыстарын жүргіземіз. «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев

Оның айтуынша, жағдай өте қарқынды дамып, бастапқыда логистикаға байланысты проблемалар болды, қазір олар жойылды.

Бізге Kazlogistics-ке Ресей және Беларусь көліктерін Қазақстанға қайта бағыттауға көмектесті, өйткені Еуропа оны тек қазақстандық көліктер импорттай алады деген мәселе көтерді. Әрине ол аумақтарды айналып өтудің балама бағыттары әзірленді. Бүгінде барлық шешім қабылданды, негізінен, дәрі-дәрмек жеткізіліп жатыр. Ерхат Есқалиев

Ол дәрі-дәрмек бүгінде Кавказ, Түркия арқылы жеткізіліп жатқанын айтты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: