«Ланъя» вирусы қалай жұғады
Сурет: pixabay
Қазақстанда «ланъя» генипавирусын жұқтырғандар бар ма? Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК осы сұраққа жауап бере отырып, жаңа таралып жатқан вирус жөнінде кеңінен ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
«Ланъя» вирусы алғаш рет төрт жыл бұрын геномдық зерттеу нәтижесінде табылған. Cоңғы екі жыл ішінде Қытайдың екі провинциясында тағы 35 адамнан осы вирус анықталды. Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК
Вирус жұқтырған науқастарда мынандай белгілер байқалды:
дененің қалтырауы;
шаршау;
жөтел;
бұлшықеттердің сырқырауы;
жүрек айну;
бас ауруы;
тәбеттің жоғалуы.
Бұл – зоонозды инфекция, яғни вирус ауру жануарлардан жұғады.
Елімізде «ланъя» вирусын жұқтырғандар анықталған жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript