Жаңалықтар тізбегі
0

Ерболат Досаев Алматының медициналық мекемелерін аралады

Досаев медицина орталықтарын аралады Сурет: Алматы әкімдігі
Сапар қорытындысы бойынша Ерболат Досаев денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру, атап айтқанда, «Қадамдық қолжетімділік» қағидаты аясында халықты сапалы медициналық қызметпен қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қала басшысы ауруханалар мен емханалардың жай-күйін көзбен көріп, медициналық қызметті кеңейтудің жоспарын біліп, жөндеу барысымен танысты.

Қала әкімі мына мекемелерге барып, бірқатар тапсырма берді:

  • Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығы жоғары қауіп тобындағы 9 мыңнан астам жүкті әйелді босандырады, бұған салмағы өте төмен, туа бітті жүрек ауытқуы мен басқа да патологиясы бар балалар жатады. Ғимарат күрделі жөндеуді және жаңартуды қажет етеді. Әкім биыл жобалау жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 2023 жылы құрылыс пен жөндеу жұмыстарына кірісу қажет.

  • №7 аурухана үш ауданның тұрғындарына қызмет көрсетеді. Қосымша құрылғылармен жабдықтау керек және қабылдау бөлімінің жаңа корпусының барлық кемшілігін жою қажет. Ерболат Досаев аурухананың ескі корпусының операциялық блогын жаңғыртуды тапсырды. Жобалық жұмыстарға биыл қаражат бөлінеді.

  • №22 емханада дәрігерлер мен инфрақұрылымға екі есе жоғары жүктеме артылған. Саялы шағын ауданындағы жаңа отбасылық амбулатория бой көтереді. Нысан емхана жұмысын жеңілдетіп, Алатау ауданы тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігін арттырады.

  • №11 емханада корпусты күрделі жөндеу аяқталып жатыр. Әкім жұмыс сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды. Мұнда Жетісу ауданы тұрғындарына арналған компьютерлік томографияның модульдік орталығы салынады.

  • №4 аурухана травматология және ортопедияға маманданған. Қабылдау бөлімін жаңғырту қажет. Ерболат Досаев қабылдау бөлімін қайта құру бойынша жобалық жұмыстарды бастауды тапсырды. Аурухана травматология және ортопедия саласындағы озық орталыққа айналуға тиіс.

  • Онкологиялық орталық қаланың барлық тұрғыны мен Қазақстан түкпір-түкпірінен келген пациенттерге қызмет көрсетеді. Қала басшысы онкологиялық науқастарды ерте анықтау және скрининг бойынша жұмыстарды күшейтуге зер салды.

  • «Алатау» ауруханасы инженерлік желілерді жаңғыртуға байланысты жөндеуді қажет етеді. Қазір компьютерлік томографияның модульдік орталығының құрылысы жобалануда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз