Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жіті ішек инфекциясын жұқтырушылар саны 40 пайызға төмендеді

Статистика, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2022 15:28 Сурет: pexels
Алматы қаласында жіті ішек инфекциясына (ЖІИ) шалдығушылар саны күрт төмендеді. Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 14 жасқа дейінгі балалардыңаурушаңдығы екі есеге азайды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылдың 8 айында оңтүстік мегаполисте 100 мың тұрғынға шаққанда нақтыланған ЖІИ сырқаттанушылық көрсеткіші - 10,94 құрады. 2021 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық 40,16%-ға төмендегені байқалады. Нақтыланған ЖІИ-мен ауыратындардың жалпы санынан 14 жасқа дейінгі балалардың үлес салмағы 78,6%-ды құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 есе аз. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

Жіті ішек инфекциялары (ЖІИ) - фекальді - оральды механизммен берілетін, жүрек айнуымен, құсумен, іштің өтуімен, дене қызуының көтерілуімен сипатталатын инфекциялар тобы.

 

Ауру көбінесе залалданған тамақ өнімдері мен олардан дайындалған тағамдар, жартылай фабрикаттар, су, сондай-ақ көкөніс пен жемістер арқылы пайда болады. Осы инфекциялардың таралуына азық-түлік өнімдерін сақтау мен сатудың қажетті шарттары жоқ сауда маңызды рөл атқарады. Азық-түлік кәсіпорындарында, әсіресе ет және сүт өнеркәсібінде, тамақтану кәсіпорындарында санитарлық-гигиеналық режимді сақтау аса маңызды.

Әлеуметтік-кәсіби топтар бойынша ЖІИ-мен сырқаттанушылықтың ең көп үлес салмағы ұйымдастырылмаған балаларға – 76,9% тиесілі, жұмыссыздар - 10,2%, жұмысшылар мен қызметшілер - 4,7%, студенттер – 3,4%, зейнеткерлер - 2,56%, оқушылар- 0,85%, ұйымдастырылған балалар - 0,85%, - дейді дәрігерлер.

ЖІИ-мен ауырғандардың арасында екі жасқа дейінгі балалар жиі ауырады, олардың үлесі 69,5%-ды құрады, негізгі себептер - балалардың күтімі кезінде аналардың жеке гигиенаны сақтамауы, дайындау технологиясы мен сақтау қағидаларын бұза отырып, үйде дайындалған өнімдерді, сондай-ақ жуылмаған көкөністер мен жемістерді пайдалану.

 Ішек инфекцияларының алдын алу мақсатында жеке гигиенаны сақтау керек, атап айтқанда тамақтанар алдында қолды сабынмен жуу қажет. Сонымен қатар, ет тағамдарын, құс еті мен жұмыртқаны дайындаудың температуралық режимін сақтау; жеміс пен көкөністерді, әсіресе қарбыз бен қауынды мұқият жуу; тез бұзылатын өнімдерді сақтау шарттарын қадағалау және сақтау мерзімдерін ескеру қажет. Бұдан басқа екі жасқа дейінгі балалар арасындағы аурулардың алдын алуға ерекше назар аудару қажет, бұл ретте балаларды, әсіресе өмірінің бірінші жылында күту және тамақтандыру бойынша дәрігерлердің ұсынымдарын мүлтіксіз орындау қажет. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті

 Оңтүстік мегаполистің эпидемиологтары жіті ішек инфекциясының белгілері пайда болған жағдайда өзін-өзі емдеуге болмайтынын, уақтылы медициналық көмекке жүгіну керектігін еске салады!

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: