Жаңалықтар тізбегі
0

Ажар Ғиният қазақстандық дәрігерлер қанша жалақы алатынын айтты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, дәрігер, дәрігерлер жалақысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.09.2022 10:47 Сурет: pixabay
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният еліміздегі дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 421 мың теңге екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы медицина қызметкерлерін ынталандыру мақсатында 2020 жылдан бастап жыл сайын жалақыны көтеру шаралары қолға алынып жатқанын айтты. Оның сөзінше, 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы экономикадағы орташа жалақыдан екі есе көп болуы керек.

2022 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы 421 мың теңгеге дейін өсті, ал орташа медицина қызметкерінің жалақысы шамамен 235 мың теңге болды. Ажар Ғиният

19 қыркүйекте мәжіліс кулуарында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Маңғыстау облысында жұмысқа барудан бас тартып, жалақыны көтеруді сұраған жедел жәрдем қызметкерлерінің ереуіліне қатысты пікір білдірді.

Денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін медициналық емес қызметкерлердің жалақысы биыл 20 пайызға өседі. 2025 жылға дейін жалақыны кезең-кезеңімен көтереміз. Бірақ Маңғыстау облысында дәрігерлердікі сияқты жалақыны 350 мың теңгеге көтеруді талап етіп отырғандықтан, бүгінде бұл мүмкін емес, – деген еді сол кезде Ажар Ғиният.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: