Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны азайып келеді

Қазақстан, коронавирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2022 09:08 Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
25 қыркүйектегі Қазақстандағы коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады. Вирус жұқтырғандар еліміздің жеті өңірінде анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдыңғы күні 69 адам КВИ жұқтырған еді. Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 41 жаңа жағдайы тіркелді, оның ішінде:

  • Астанада – 15;

  • Алматыда – 11;

  • Ақмола облысында – 1;

  • Абай облысында – 2;

  • Қарағанды ​​облысында – 6;

  • Қостанай облысында – 4;

  • Солтүстік Қазақстан облысында – 2.

Елде барлығы 1 393 216 жағдай расталды.

Қазақстанда 882 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, оның ішінде:

  • Астанада – 32;

  • Ақмола облысында – 797;

  • Батыс Қазақстан облысында – 37;

  • Қарағанды ​​облысында – 6;

  • Ұлытау облысында – 3;

  • Маңғыстау облысында – 3;

  • Павлодар облысында – 4.

Елімізде барлығы 1 377 365 адам COVID-19-дан жазылып шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: