Денсаулық сақтау министрлігі ресейліктердің келуімен АИТВ жұқтырғандар күрт өседі деп ойламайды

Ажар Ғиният, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.10.2022 14:59 Сурет: primeminister.kz
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният елде Ресей азаматтарының келуіне байланысты түрлі инфекциялардың күрт өсуі болжанбайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Денсаулық сақтау министрінің сөзінше, бүгінде ведомство АИТВ індетін жұқтырғандар санының күрт өсуін болжап отырған жоқ.

Мүмкін әлі ерте шығар. Ресейліктердің ағылуы, Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тоқтады, ондай ағын жоқ. Елге ресей азаматтары көптеп келіп жатты. Біз Ресейден келетін қандай да бір инфекцияның жүктемесін немесе өсуін сезбейміз және көрмейміз.Ажар Ғиният

Соған қарамастан министр азаматтарды барлық сақтық шарасын сақтауға және денсаулығын қадағалауға шақырды.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрі елдегі коронавирус инфекциясына қатысты жағдайға тоқталды.

Былтыр қазан айының соңында өсім болады деп болжанды. Біз КВИ дамуының барлық толқынын бақылаймыз. Қазір керісінше, төмендеу бар, күніне 30-50 науқас анықталады.Ажар Ғиният

Бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ауылдарда нәресте өлімі көбейгенін айтқан еді. Ол сонымен қатар ауыл тұрғындарының қала тұрғындарына қарағанда ұзағырақ өмір сүретінін атап өтті. Осы ретте Ажар Ғиният ауыл дәрігерлерінің жалақысын көтеруді ұсынды. Оның айтуынша, бұл әдіс медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі мәселесін шешеді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: