Жаңалықтар тізбегі
0

Таразда өскелең ұрпақ денсаулығының негізгі аспектілері талқыланды

Тараз, форум, денсаулық, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 18:43 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында "Салауатты келешек: оқушылардың денсаулығын нығайтудың негізгі бағыттары" атты облыстық форум өткізілді.

Облыстық форумның жұмысына Жамбыл облысы прокуратурасының, облыстық полиция департаментінің, облыстық денсаулық сақтау, білім басқармасының басшылары мен өкілдері, республикалық психикалық денсаулық саласының мамандары, жоғары оқу орындарының ғалымдары, суицидологтар, білім беру ұйымдары мен аудандық, Тараз қалалық бiлiм бөлімдерінің басшылары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілер, денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, психологтар мен әлеуметтік педагогтар, әдіскерлер, ата-аналар комитетінің төрағалары, барлығы 550-ден астам адам қатысты. Форумның жұмысы қазіргі заман отбасындағы бала тәрбиесі мәселесінің ерекшеліктерін жан-жақты талқылай отырып, мектеп пен отбасының ынтымақтастығы, бала денсаулығын нығайту бағытындағы жұмыстар және отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтардың бала тәрбиесіндегі маңыздылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Іс-шараның модераторы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанар Оспанова болды. "Оқушылардың денсаулығы мен тамақтануына бақылауды ұйымдастыру және жүргізу" тақырыбындағы баяндамасында: Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуындағы ең маңызды буын – отбасы екенін және оның әрбір жетістігі – ата-ананың тәрбиеге қаншалықты көңіл бөлетініне байланысты екенін айтып өтті.

Тараз, денсаулық, форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 18:43

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Жамбыл облысында 19 жастар денсаулық орталығы бар. Ондағы 200-ден астам қызметкер 14-29 жас аралығында жас азаматтармен арнайы (психолог, гинеколог, уролог, дерматовенеролог мамандары) жұмыс жасайды. Сондай-ақ, бүгінде жастар ресурс орталықтарымен бірлесіп, жастар мен оқушылар арасында үгіт насихат жасалынып жатқаны да көңіл қуантады.

Тараз, форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 18:43

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Білім басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов “Саналы ұрпақ тәрбиесінде білім беру ұйымдарының ата-аналармен бірлесе жұмыс жасау жолдарының негізгі аспектілері" жөнінде әңгімелесе, ҚР психикалық денсаулық саласында жұмыс істейтін мамандар қауымдастығының вице-президенті, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің профессоры Шахметов Белгібай "Балалар мен жасөспірімдердің менталдық денсаулығы" тақырыбында баяндама оқыды.

Тараз, форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 18:43

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

"Primary Health Care" Ұлттық қауымдастығының президенті, профессор Төлебай Рахыпбеков балалық шақ - адам өміріндегі ерекше кезең екенін атап өтті. Дәл осы уақытта денсаулық қалыптасады, тұлғаның қалыптасуы жүреді, балалық шақ тәжірибесі, көбінесе, адамның ересек өмірін анықтайды. Балалар алғашқы өмірлік тәжірибені отбасыдан алады және әртүрлі жағдайларда өзін қалай ұстау керектігін үйренеді.

Тараз, форум, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 18:43

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Іс-шара барысында оқушылардың денсаулығы мен тамақтануына бақылауды ұйымдастыру және жүргізу, бала тәрбиесіндегі ата-аналармен бірлесе жұмыс жүргізудің жолдары, балалар мен жасөспірімдердің ментальді денсаулығы, тәуелділіктің биопсихоәлеуметтік моделі, кәмелетке толмағандардың деструктивті мінез-құлқын алдын алу, балалар мен жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын сақтау, облыстағы бала құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері, кәмелетке толмағандар арасындағы аутодеструктивті бұзушылықтар және суицидті превенциялау шаралары туралы, жасөспірімдердің синтетикалық, психоактивті заттарды пайдалану салдарынан пайда болатын психотикалық бұзушылықтарды алдын алу, рухани-адамгершілік құндылықтар мен ұлттық тәрбие беру туралы тұжырымды пікірлер ортаға салынып, талқыланды.

Іс-шара соңында барлық қатысушылар форумның үндеуін қабылдады.

Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: