Жаңалықтар тізбегі
0

Алматылықтарға қоғамдық орындарда маска тағу ұсынылды

Алматылықтарға маска тағу ұсынылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2022 17:52 Сурет: Zakon.kz
Алматыда бір аптада коронавирус инфекциясын жұқтырудың 187 жағдайы тіркелді. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әсел Қалықованың cөзінше, эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Мегаполис қазір "жасыл" аймақта.

Қалалық СЭБД-нің статистикасына сай, кейінгі аптада CVI жағдайлары аздап өсті - 1,2%. Осылайша өткен жеті күнде 155-ке қарсы 187 жағдай тіркелді. 100 000 адамға шаққандағы covid төсек-орындарының толтырылу деңгейі 9,2 (27 адам) болды немесе бөлінген 450 төсек-орынның 6%-ы .

"Кейінгі жеті күнде негізгі жұқтыру орындары сауда нысандары – 33,3%, қоғамдық көліктер – 41,6%, базарлар – 5,4%, басқа өңірлерге сапарлар – 6,5% болды", - деді Әсел Қалықова.

Сонымен қатар спикер пациенттермен сенімді байланыс отбасында – 7,1%, туыстары мен көршілеріне бару кезінде – 3%, жұмыс орнында – 3% орнатылғанын айтты. Ауру жұқтырғандардың көбі 20-39 жас аралығындағылар – 46,5% жағдай. Одан кейінгі орында 40-59 жас аралығындағы азаматтар – 22%, сонымен қатар 60 және одан жоғары жастағылар – 16%.

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы аурушаңдық деңгейі әлдеқайда төмен: бір жасқа дейінгі балалар – 6,4%, 14 жасқа дейінгілер – 4,3%, 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдер мен жігіттер – 6,9%.

Әсел Қалықова алты ай сайын белсенді түрде вакцинациялауды, адам көп жиналатын жерлерден аулақ болуды, ал егер келушілер көп болатын қоғамдық орындарда жүру қажет болса, медицина маскасын тағуды, әлеуметтік қашықты және жеке бас гигиенасын сақтауды ұсынды.

Пандемия басталғаннан 2022 жылдың 4 желтоқсанына дейін Алматыда COVID-19 инфекциясының 257 522 жағдайы тіркелді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: