Қазақстандықтар барлық медициналық дерегін eGov қосымшасынан таба алады
Сурет: pixabay
13 желтоқсанда Instagram-дағы парақшасында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин EGov мобильді қосымшасының жаңа бөлімі туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Оның айтуынша, енді қазақстандықтар өздерінің барлық медициналық дерегін EGov мобильді қосымшасының бір бөлімінен таба алады.
"Дәрі-дәрмектерге рецепттер, диспансерлік есепке алу, медициналық анықтамалар, вакцинация, ауруханаға жатқызу, емдеу туралы ақпарат және басқа да маңызды ақпарат, соның ішінде балаларға арналған eDensaulyq бөлімінде қолжетімді", - деді Бағдат Мусин.
Министр бөлімді азаматтардың қажет медициналық деректерімен толтыру жалғасып жатқанын айтты.
"Егер сіз дәл қазір деректеріңізді таппасаңыз, олардың жақын арада пайда болатынына сенімді болыңыз", - деп жалғастырды министр.
Министр "осы қосымшаны жүзеге асыру арқылы сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептерді жоюды көздеп отырмыз" дейді.
Айта кетейік, егер пайдаланушы ақпаратпен келіспесе, онда Call-орталыққа - 1406 немесе әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Telegram-боты арқылы хабарласуға болады.
"Сілтеме бөлімнің өзінде тұрады. Қате болса, ол туралы хабарлауға болады. Ақпарат түзетіледі", - деп қорытындылады министр.
15 қазанда Қазақстанда QR мемлекеттік қызметтердің барлық порталдарында ЭСҚ-ны алмастыратыны белгілі болды. Сонымен қатар Бағдат Мусиннің айтуынша, жақын арада емханаға бекіту процесін толығымен автоматтандыру жоспарланып отыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript