Дәрумендерді өз бетінше қабылдау несімен қауіпті
Сурет: pixabay
Гастроэнтеролог және гепатолог Сергей Вялов дәрумендер ағзаға қажет мөлшерден аса қабылданса, денсаулыққа қатты зиян тигізетінін айтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оның айтуынша, адамдар күн сайын әртүрлі тамақты өз қалау бойынша жей береді, бірақ "денсаулыққа арналған дәрі-дәрмектерді" маманның кеңесінсіз қабылдауға болмайды.
"Дәрумендер мен минералдарды қабылдағанда тұрған не бар деп ойларсыз. Ештеңе де болмайды. Егер сіз белгіленген мөлшерді ұстанатын болсаңыз", - деп атап өтті дәрігер Telegram-дағы жазбасында.
Вялов "дәрі-дәрмектерді жәй әшейін" немесе "күдік болған жағдайда" іше салу әдетінен көпті бас тартуға шақырады.
"Мысалы, сүйектерді қатайтамын деп кальций ішіп, шамадан тыс қабылдасаңыз, оның соңы созылмалы панкреатиттің өршуіне әкеліп соғуы мүмкін", - деп ескертеді дәрігер.
Сонымен қатар, "барлығының сүйікті D дәрумені темірмен қосылғанда панкреатиттің өткір түрін тудыруы мүмкін" екенін есте ұстаған жөн.
"D дәруменінің күнделікті қажеттілігі - небәрі 400 ХБ, ал көпшілігі оны 10.000 ХБ мөлшерінде тұтынып жүр. Нормадан асырсам, пайдасын да арттырамын деу жаңсақтық", - деп сөзін түйіндейді Вялов.
Жаңалық сипаттағы материалдарды дәрігердің тағайындауындағы рецептімен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіп алғаныңыз жөн.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript