Жаңалықтар тізбегі
0

Сәбиге хиджама жасап жатқан желідегі видеоға қатысты тексерудің қорытындысы жарияланды

Медициналық сараптама қорытындысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.02.2023 19:19 Сурет: unsplash
ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаура Ахметнияз сәбиді хиджама әдісімен емдеу дерегіне қатысты тексерудің аяқталғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лаура Ахметнияз Атырау облысы прокуратурасының сұрауы бойынша бұл факті тексерілгенін нақтылады.

"Тексеру іс-шараларының қорытындысына сәйкес, бұл арада заңсыз медициналық қызмет көрсетілгенін анықтадық. Хиджама әдісін өз ұйымына лицензия алмаған медбике жүргізген. Сонымен қатар, оның тиісті қызметпен айналысуына рұқсат беретін сертификаты да болмаған. Тексеріс аясында аталған факті бойынша әкімшілік айыппұл салынды. Іс материалдары прокуратураға, полиция департаментіне жолданды". ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Лаура Ахметнияз


Оның айтуынша, аталған тәсіл медициналық қызмет түріне жатпайды, бірақ бұл арада ол медициналық мекемеде медбикенің жасағаны ескеріле отырып, заңсыз медициналық қызмет айыбы бойынша айыппұл салынды. 

"Енді біз аумақтық департаментпен бірлесе отырып осы мәселені пысықтап, аталған тәсілге қатысты орталықтың қызметіне тыйым салу туралы сотқа талап-арыз түсіреміз. Бізде барлық медициналық қызмет түрі, соның ішінде ине салу, шөппен емдеу секілді дәстүрлі медицина да лицензиялауға жатады. Ал хиджама бұл тізімде жоқ, сондықтан оған тыйым салынған", - деді ол.

26 қаңтарда желіде баланың бетін тіліп, хиджама жасап жатқан видео тараған болатын.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: